2023 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы заманауи мектепке дейінгі білім беру: тәжірибесі, жағдайы және даму перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн форматында өтті. Конференция пленарлық және секциялық бағытта өткізілді. Пленарлық отырысқа орталықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы А.Ж. Ракижанова модераторлық етті.
Пленарлық отырысты Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Тәукеұлы ашып, жас балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етудегі проблемаларды шешуде бірлескен күш-жігерді біріктіре отырып, тығыз ынтымақтастықты тереңдету маңыздылығын атап өтті.
Отырысқа ҚР ОАМ Инклюзивті және арнайы білім департаментінің басшысы, PhD доцент Бутабаева Лаура Аскаровна, Балаларды ерте дамыту институтының директоры Адамова Манара Елекенқызы, PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ аға оқытушысы Түсіпова Гүлмайра Өмірбекқызы, «Құндылықтарға негiзделген» «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры бөлімінің бас маманы. Елубаева Алтынкүл Алтынбайқызы қатысты.
Конференцияға 650-ден астам басшылар, әдіскерлер, мамандар, тәрбиешілер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері және техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары қатысты.
Пленарлық отырыс үш секциялық алаң бойынша жалғасын тапты. 1«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру жағдайындағы педагогтің инновациялық қызметі»; 2. «Мектепке дейінгі балалық шақтың әлеуметтік және психологиялық құндылығы, ЕБҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту процесіндегі орта қажеттіліктері»; 3. «МДҰ-дағы әдістемелік жұмыс және болашақ педагогтерді даярлау» тақырыптары қарастырылды.
Секция алаңында пікірталас жүргізіліп, конференцияның қорытындысы шығарылды, ұсынылған материалдар жинаққа енгізіледі.
Пленарлық отырыстың трансляциясының жазбасын https://fb.watch/oMYVspIB2q/ сілтеме арқылы көруге болады.