Жаһандық құзыреттілік

      Астана қаласы әкімшілігінің МКҚК «Әдістемелік орталық» жоспарына сәйкес 2023 жылдың 7  желтоқсында №40 мектеп-лицейінде «ЖаҺандық құзыреттілік –  уақыт талабы» атты білім ұйымдарының «Жаһандық құзыреттілік» курсын оқытатын мұғалімдерге арналған семинар өткізілді. 

     Семинардың мақсаты – мектеп педагогтеріне «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын оқыту бойынша әдістемелік көмек беру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту теориялық білімдерін жетілдіруде және педагогикалық шеберлігін арттыруда практикалық көмек көрсету.

   Бағаналинова Раушан Болатқызы әдіскер функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезіндегі «Жаһандық құзыреттілік» бағытының ерекшеліктерімен таныстырды.

    Семинар жұмысына №40 мектептің белсенді ат салысқан мұғалімдері:

Сабанбай Д. М., Шонаева Н.Е., Мағжан М. С., Аргенова А. Е., Елембаева А. А.

Мұғалімдер ашық сабақтар мен тренингтер өткізді.

    Семинар соңында қатысушылар ашық диалог аясында сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты. Іс шараға мектеп білім беру ұйымдарының  60-ка  жуық  педагог мамандары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған