Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №85 мектеп-лицейінде «АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» тақырыбында директорлардың ақпараттандыру ісіне жауапты орынбасарлары арасында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты білім берудің цифрлық трансформация жағдайындағы мәселелері мен перспективалық жоспарларын талқылау.
Аталған шараны Астана қаласы Білім басқармасының Стратегия, талдау, жинактау, мемлекеттік қызметтер және цифрлық технологиялар бөлімінің бас маманы Достиярова Гаухар Амангелдіқызы кіріспе сөз сөйлеп ашып, ақпараттық технологиялардың күнделікті адам өміріндегі, тұрмыстағы орны мен білім беру саласындағы маңызына кеңінен тоқталды.
Білім берудің цифрлық трансформациясы кеңінен талқыланған жиында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаментінің бас экспертіЖамбылов Абзал Рахметуллаұлы «Білім беру саласындағы цифрландыруды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат», Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Байтасов Дидар Дулатұлы «Елорда мектептеріндегі цифрландыру: мәселелері мен болашағы», №38 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Сейлова Гульзира Серикбайқызы «Тиімді жоспар — нәтижелі жұмыс», №86 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абсалямова Асем Жексенбайқызы «Оқу процесінде автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың принциптері», №79 мектеп – лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Ирсимбетова Айнұр Пулатбекқызы «Күнделік.кз электронды журнал және ҰБДҚ толтырудағы тиімді әдіс-тәсілдер», №39 кешкі ауысымды мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі Қожахмет Анар Қаирбекқызы «Қашықтан оқыту-заман талабы», Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Айтжанова Айдана Оңғарбекқызы «Медиа және ақпараттық сауаттылық», №78 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі Эркинбекова Салтанат Анарбекқызы, «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтерді оқытуды ұйымдастыру», Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Батырханова Маншүк Абдыламитқызы, «Киберқауіпсіздік және цифрлық этика ережелерін қолдануда ақпараттық қауіпсіздік», Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Басықара Бексұлтан Полатбекұлы «Жасанды интеллект менеджмент әдісі ретінде» тақырыптарында өзекті ойларын ортаға салып, жан-жақты пайымды пікірлер білдірді.
Семинарға қатысушылар цифрландыру үрдісін білім беру жүйесінде дұрыс қолдана білудің үлкен жетістіктерге жеткізетіні жайында көптеген, тиімді тәжірибелерді үйреніп, пайдалы мәліметтер алды.