РУХАНИ ТАНЫМ МЕН ТАҒЫЛЫМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕН КІТАПХАНА

Астана қаласының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен         2023 жылғы 4 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы базасында, оқушылараға рухани таным мен тағылымның алғашқы негіздерін қалыптастыратын бастауыш сынып мұғалімі мен кітапханашы екендігін түсіндіру және қатысушылардың тіл біліктілігі мен тілдік құзіретін дамыту мақсатында «Рухани таным мен тағылым негізі – бастауыш мектеп пен кітапхана» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында тілші-маман, тіл білімі бойынша қауымдастырылған профессор, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Астана қалалық филиалының кеңесшісі Б. Жексенғалиев, педагогтер мен кітапханашыларға қазақ тілінің үндесім-сөйлеу нормалары мен академиялық сауаттылық туралы айтып берді. Сонымен қатар, Алматыкітап Баспасы вице-президенті Г. Кудайберген балалар танымын қалыптастырудағы кітаптар сериясына тоқталды.

Іс-шара барысында ағымдағы жылы Білім басқармасының бастауымен қолға алынған елордалық мектептерде жүргізіліп отырған «8 минуттық оқу» жобасында бастауыш сынып мұғалімі мен кітапханашының атқаратын рөлі айтылды.

Іс-шараға орта білім беру ұйымдарының 40 бастауыш сынып мұғалімі мен 20 кітапханашылары қатысты. Семинар соңында рефлексия өткізіліп, қатысушылар кері байланыс беріп, оң пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған