МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕТІН БАЛАБАҚШАЛАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

2023 жылғы 1 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімі 2023 жылғы 22 қараша №139 бұйрық негізінде құрылған мобильді топ мүшелерімен бірге мемлекеттік аттестациядан өтетін №9 «Нұршашу» және «Asken» балабақшаларына әдістемелік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балабақшаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асырудағы өзін-өзі бағалау құрылымы бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіліп, әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес қосымшалармен таныстырылды.

Сонымен қатар, педагог-психолог, логопед-дефектолог мамандардың ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасауда жүргізілетін құжаттар тізімі ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған