2023 жылдың 30 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасындағы жанжалды жағдайлар» тақырыбында семинар-практикум өткізді, 14 педагог-психолог қатысты.
Семинар басында «Астана Халықаралық Университетінің Педагогикалық колледжі» директорының оқу жөніндегі орынбасары Б. Ж. Сәрсенбаева сөз сөйледі. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина
ата — аналардың балалармен қарым-қатынасындағы жанжалдың себептері, оларды шешу жолдары мен тәсілдері туралы айтты. Әдіскер өз сөзінде жанжалдардың туындау процесі мен алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың психологиялық құзыреттілігін арттыру арқылы сындарлы қатынастар құруға ықпал етуге болатынын атап өтті.
Бала есейген кезде қандай сезімдерді бастан кешіреді; жасөспірімнің есейген кезеңінде ата-аналарға өзін қалай ұстау керек; неліктен жанжалды жағдайлар туындайды және олардың бастамашысы кім? деген сұрақтарға жауап ретінде қатысушылармен жағдаяттық есептер шешімін табу кейсіне талдау жасалды және тренингтік жаттығулар жүргізілді.
Семинар соңында педагог-психологтарға осы бағытта алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді, қатысушылар іс-шараның әдістемелік маңыздылығын атап өтіп, алдағы кездесулер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.