2023 жылғы 30 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК арнайы және инклюзивті білім беру бөлім әдіскерлері
№20 «Арайлым» балабақшасында әдістемелік күн өткізді.
Мақсаты: тәрбиешілер мен арнайы мамандарға ЕБҚ бар балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқытуды реттейтін инклюзивті және арнайы білім берудегі нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Іс-шара барысында әдіскер А.К.Каримова ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, ППҚ қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін атап, инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда жүргізілетін құжаттармен таныстырды. Сонымен қатар, ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасаудағы заманауи әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Тәрбиешілер мен арнайы педагог мамандарға кері байланыс жасалып, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.