Әдістемелік көмек

Әдістемелік жұмыс үздіксіз білімнің құрамдас бөлігі, ол ұстаздардың біліктілігін арттыруға, тұлғалық мәнді қажеттіліктерін қанағаттандыруға ынталандырады. Әдістемелік көмек көрсету оқытушының өз қызметінде үздік педагогикалық тәжірибелерді, әдістемелерді дұрыс тандап, практикалық тұрғыда қолданысқа енгізуін қамтамасыз етеді.

         Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ТжКБ бөлімінің әдіскерлері тарапынан 2023 жылдың 28 қарашасында «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінде әдістемелік күн ұйымдастырылды. Әдістемелік күнді ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқытушылардың сабақ беру әдістемесін бақылау, оларға кәсіби шеберлігін шыңдауда әдістемелік қолдау көрсету.

         Орталық әдіскерлері колледж оқытушылары Ж.Т.Мамраимова, Ү.Хайса, Д.К.Баярыстанова, А.Ж.Бижанова, Т.К.Нурекешов, А.С.Алимбетова, М.Е.Акпаровтың сабақтарына қатысты.  Соңынан педагогтердің сабақтарына талдау жасалып, нақтылы әдістемелік ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған