«Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» ата-аналарға арналған семинар- тренинг

       2023 жылдың  23 қараша  күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен  балалармен жағымды қарым-қатынасты орната білуде психологиялық білімді жетілдіру мақсатында  №17 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына  семинар-тренинг ұйымдастырылды.    

          Топтық жұмыс барысында отбасына көмек ретінде ұсынылған жаңа психологиялық әдістер туралы ой қозғалды. Ата-ана  мен бала қарым-қатынасына қатысты өзекті мәселелер негізге алынып, отбасындағы жағымды қатынастың жасөспірім үшін басты құндылықтардың бірі екені талқыланды.

       Сонымен қатар, біздің қаламыздағы бес аудан бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан, психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінің қызметі  туралы толық ақпарат берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *