Меңгерушілеріне семинар

2023 жылғы 22 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі Бейімбет Майлин атындағы № 52 мектеп-гимназияда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне семинар ұйымдастырды.

«Ерте балалық шақта сапалы тәрбие мен білім беруге ұмтылу» тақырыбында Семей қаласындағы X республикалық конференцияға, «Болашаққа бағдар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективалары» атты Атырау қаласында өткен форумға қатысқан педагогтер сол өңірлердегі әріптестерінің тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері Н. Юсупова, З. Махашева, Л.Рахимжанова, Н. Сәрсенова, г. Сәрсенбаева сөз сөйледі.

Семинар барысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау мәселелері қарастырылып, өзекті тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ, семинарға Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы А. Ережепова қатысып, мектепке дейінгі ұйым меңгерушілерінің сұрақтарына толық жауап берді.

Семинар соңында педагогтар өз ой-пікірлері және ұсыныстарымен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған