Астана қаласының Білім басқармасы мен Назарбаев Университеті: тиімді өзара қарым-қатынас

Астана қаласында маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев пен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаевамен өзара ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды. Диалог барысында STEM-пәндерді дамыту, сондай-ақ Астана қаласының білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін зертханалық жұмыстарды белсенді енгізу мәселелері талқыланды.

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы ұйымдастырған бұл кездесу оқушылар арасында ғылымды насихаттау, олардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, сондай-ақ ғылыми-техникалық білім беру сапасын жақсарту үшін зор маңызға ие.

Бас қосуда STEM білімінен басқа, білім алушылар мен педагогтердің психологиялық және эмоционалдық әл-ауқатының маңызды мәселелері қозғалды. Жұмыстың бұл бағыты қолайлы оқу ортасын және тиімді білім беру процесін құру үшін өте маңызды болып есептеледі.

Сонымен қатар Университет арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру жолдары да қарастырылды. Екі тарап елордалық білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді және нәтижелі қарым-қатынастарды дамытуға қызығушылық білдірді.

Бұл кездесу Қазақстанның ұлттық жоғары білім брендіне айналған жетекші университет пен Астана қаласының Білім басқармасы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *