«Физика пәнінен тапсырмалар әзірлеу және сараптама жасау тәжірибесі»

2023 жылғы 23 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбында онлайн оқыту семинары өтті. Семинар барысында спикерлер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға 30 қала мектептерінің физика пәні мұғалімдері қатысты.

Аталған спикерлер өз тәжірибесіндегі оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін өз тәжірибесімен түсіндірді. Айта кетерлік, қазіргі таңда оқытуда тапсырмаларды әзірлеуді үнемі жетілдіріп отыру маңызды саналады. Себебі ақпараттың ауқымды жағдайында оқушы алған білімін пайдалана алу мүмкіндігін жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Осы орайда елорданың тәжірибелі мұғалімдері Ахметова Акмарал, Гульмира Кадырбековна, Айжан Балтабаевна, Гулмира Рахматкызы, Гулназ Бакытжановна төмендегі тақырыптар бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

  • Оқытуда тиімді түрлі ойын технологиялары,
  • физика пәнін оқытуда виртуалды зертханалық жұмысты орындаудың тиімді жолдары,
  • мәселе қою арқылы оқыту,
  • құндылыққа негізделген білім берудің әдістері,
  • физика сабағында АКТ құралдарын қолданудың тиімділігі.

Семинарда құнды ақпараттар және тәжірибеден келіп шыққан зерттеулер таныстырылды. Қатысқан мұғалімдердің кері байланыстары Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған