2023 жылғы 23 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандарының іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзету- дамыту жұмыстарының заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар барысында, «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инклюзивті білім беру мазмұнының ерекшеліктері»,«Нейромоторикалық жаттығулар», «Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасай отырып дыбыстарды қою әдістері», «Использование метода наглядного моделирования в работе с детьми с общим недоразвитием речи», «Ерекше балалармен АФК жұмысының заманауи әдіс- тәсілдері тақырыбында» ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіле отырып, бала тілін дамытудағы дидактикалық ойындардың тиімділігін көрсету мақсатында шебер-сынып өткізді.
Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 70-ге жуық арнайы мамандары қатысты.