Салауатты тамақтану мектебі

2023 жылғы 21 қарашада «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында Астана қалысының Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінің 2-ші сынып оқушыларымен мұғалімдерінің қатысуымен республикалық «Бас аспазшы» күні өтті. Іс-шара «Нестле ФУД-Қазақстан» компаниясымен бірлесіп өткізілді.

Іс-шара аясында Бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдерімен
пресс-конференция өтті, сонымен қатар, мейрамхананың бас аспазшысы оқушылармен аспаздық шебер-сынып өткізді.

Шебер-сынып аясында, оқушылар берілген тағамдар құрамынан пайдалы дәрумендерге бай салат әзірледі.

Іс-шара соңында, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған