Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мобильді топтың отырысы

2023 жылғы 21 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысының 37-т. сәйкес құрылған Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мобильді топтың отырысы өтті.

Басқосу барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогтеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды іске асыруда, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда, оны психологиялық қолдауда әдістемелік көмек көрсету мәселелері қарастырылды. Отырысқа қатысушылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын алдағы аттестаттауға қатысты мәселелерді де қозғады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған