2023 жылдың 16 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен №85 мектеп-лицейінің 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарға арналған семинар-тренинг өткізілді.
Топтық жұмыс барысында, отбасындағы жағымды қатынастың жасөспірім үшін басты құндылық ретінде түсініп, талқылауға ата-аналар белсенді қатысты. Ата-аналарға бейнероликтер көрсетіліп, қарым- қатынасты нығайтуға арналған жаттығулар жүргізілді.
Сонымен қатар, біздің қаламыздағы бес аудан бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінің қызметі туралы толық ақпарат берілді.
Алдағы уақытта Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен сұраныс бойынша ата-аналарға арналған іс-шаралар басқа да мектептерде жүргізілетін болады.