Мектепке дейінгі педагог- психологтарға арналған семинар-практикум өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жоспарымен сәйкес, 2023 жылдың 16 қарашасы күні  «Мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында балабақша  педагог- психологтарына арналған  семинар – практикум өтті.

Мақсаты- жас мамандардың психодиагностикалық құралдарды дұрыс қолдана білу тәжірибесін жетілдіру.

Семинарда «Мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері мен талаптары» тақырыбында жұмыстар жүргізілді. Семинар барысында топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйеніп,тапсырмаларды орындау арқылы жас мамандардың әдістемелік   көмек алуларына мүмкіндік болды. №53 «Мерей» балабақшасының педагог – психологы А. Ахметжанова диагностикалық жұмысты жүргізу, әдістемелік құралдарды таңдау және оны пайдалану талаптары бойынша толықтай ақпарат беріп, психологиялық диагностиканы өткізу мен  оның нәтижесін шығаруда өз іс -тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға №№6,10,14,15,17,18,22,23,27,28,41,46,47,51,53,60,61,68,70, 73,77,80,81,83,84,91балабақшаларынан 31 педагог- психолог қатысты.

Семинар соңындағы рефлексияда әрбір қатысушы алған ақпараттары жайлы өзіндік ойымен бөлісіп, тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған