Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі

2023 жылғы 15 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбында офлайн оқыту семинары өтті.

Семинар барысында спикерлер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға 45 қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында Әдістемелік орталық әдіскері Қанымай Өзбекбайқызы «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбында, №93 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері Загипа Болатовна, Айжан Сейтказиновна «Құндылықтарға негізделген білім бере отырып, математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында, №92 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Эльмира Мейрамовна «Математиканы оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында, Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM school, математика пәні мұғалімі Гулзар Кенжебековна «Командалық сайыстар арқылы- оқушының бойындағы құзіреттіліктерді дамыта отырып математикалық сауаттылықты арттыру» тақырыбында, №89 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Шолпан Куанышбековна «Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту- білім сапасын арттырудың негізгі бағыты» тақырыбында өзекті дүниелерімен бөлісті.

Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Семинар барысында математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдалану тиімділігіне тоқталып өтті.

Семинарда құнды ақпараттар және тәжірибеден келіп шыққан зерттеулер таныстырылды. Қатысқан мұғалімдердің кері байланыстары Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған