Астана қаласы, Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 9 қараша күні өзге тілді мектептердегі «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» байқауы өткізілді. Байқауға елордалық 15 мұғалім қатысып, бақ сынады.
Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерін тарату.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең ұсынылған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік құрал ұсынудан өткен 15 мұғалім 2-кезеңге қатысты. Бұл кезеңде қатысушылар мұғалімнің визит карточкасы, блиц-турнир, «Ынтымақтастыққа шақыру» шығармашылық тапсырмаларын орындады.
Байқау қорытындысы бойынша №62 мектеп-лицейінің мұғалімі Айдарбекова Асель Аманжоловна 1- орын, Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің мұғалімі Билял Медет Жақсылықұлы 2-орын, №92 мектеп-лицейінің мұғалімі Кадирбаева Маржан Ануарбековна 3-орынды иеленді.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қалған байқауға қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін Әдістемелік орталықтың атынан сертификаттармен марапатталды.