«Жасөспірімдермен жағымды қарым-қатынас» ата-аналарға арналған семинар- тренинг

2023 жылдың 9 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлерінің ұйымдастыруымен балалармен жағымды қарым-қатынасты орната білуде психологиялық білімді жетілдіру мақсатында №84 мектеп-лицейінің 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Топтық жұмыста жасөспірімдермен жағымды қарым-қатынас құруға бағытталған жағдаяттық кейс тапсырмалары топта талқыланып, тренинг элементтерін қолданып, жаттығулар жүргізілді. Пайдалы әдебиеттер тізімі ұсынылды. Ата-аналар белсенді қатысып, өз ойларымен кері байланыс арқылы бөлісті.

Ата-аналарға психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінің қызметі туралы ақпарат берілді.

Алдағы уақытта Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған іс-шаралар басқа да мектептерде жүргізілетін болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған