2023 жылдың 10 қараша күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №26 мектеп-гимназиясы педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Әдіскерлер барлық пән бойынша 13 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.
Сабақты тиімді ұйымдастыру, оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік күннің ұйымдастырылуы мектепке биыл келген жас мамандар үшін өте тиімді болды.