2023 жылғы 26 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының арнайы жас мамандарына арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен психологиялық-педагогикалық түзетуде «Арт-терапия» әдістерін қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында №2 және №4 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің білікті мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің қыр-сырын іс жүзінде көрсетті.
Сонымен қатар, Арт-терапияның әртүрлі әдістері арқылы түзету жұмыстарын тиімді жүргізу, ата-аналармен жүргізілетін бірлескен жұмыс түрлері, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі көрсетілді.
Семинар соңында «Тілектер картасы» тренингісі арқылы кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар тілектері мен ұсыныстарын білдірді.