«Бірінші курс студенттерін сәтті бейімдеу» педагог- психологтарға арналған семинар.

2023 жылдың 23 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында ТжКБ ұйымдарының жас мамандарына арналған «Бірінші курс студенттерін сәтті бейімдеу » тақырыбында семинар өткізді.

Семинар мақсаты: студенттердің оқуға сәтті бейімделуіне жағдай жасау, жаңа ұжымда әлеуметтік мәртебесін белгілеу және қолдау.

Семинарға Астана қаласы колледждерінің 18 педагог-психологы қатысты. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина бірінші курс студенттерінің колледждегі оқу жағдайларына бейімделу процесінің ерекшеліктеріне тоқталып, әр студенттің оқуға сәтті бейімделуі жеке тұлға ретінде және болашақ маман ретінде одан әрі дамуының кепілі болып табылатынын атап өтті.

Әдіскер өз сөзінде бейімдеу іс-шараларын жоспарлау, психодиагностика жүргізу ерекшеліктерінің, сондай-ақ студенттермен топтық консультациялар мен тренингтерді қолданудың тиімді әдістерін айтты. Педагог пен білім алушының бейімделу кезеңіндегі өзара тиімді қарым-қатынасы жұмысының кейбір аспектілерін ескере отырып, жағдаяттық есептер шешімін табу кейсіне талдау жасады.

Семинар соңында психологтарға осы бағытта тәжірибелік ұсынымдар берілді, қатысушылар іс-шараның әдістемелік маңыздылығын атап өтіп, одан әрі әдістемелік қолдау барысында өз тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған