«Болашақ» бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында

Қазіргі заманның қарқынды дамуы үшін мектепке дейінгі білім беруге көптеген талаптар қойылуда. Осы талаптардың бірі – педагогтердің білімдерін үздіксіз жетілдіру болып табылады.

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Олжас Сәкеновтің қатысуымен №35 «Ертегі» балабақшасының базасында Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы мен стипендиялары туралы ақпараттандыру, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің білімін үздіксіз жетілдіруге және шетелдік тәжірибе алмасуға ынталандыру.

Кездесу барысында Елордамыздың білім беру саласында жұмыс істейтін «Болашақ» бағдарламасының түлектері А.Б. Касенова – Астана қаласының «Әдістемелік орталық» МКҚК білім саласындағы зерттеу бөлімінің басшысы, К.К. Жолдасова – Дүниежүзілік банктің жобаларын басқару тобының инклюзивті білім беру жөніндегі маманы, Ш.А. Қалқабаева – «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау Орталығының бөлім басшысы, А.Ж. Мақамбаева – №35 «Ертегі» балабақша меңгерушісі АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа елдеріндегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ерекшеліктері туралы өз тәжірибелерімен және ақпараттарымен бөлісті.

Қатысушылар спикерлерге мазмұнды кездесу үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысуға, кәсіби дамуға қызығушылық танытты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған