2023 жылғы 20 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сай №1 «Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ мамандарымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымның арнайы логопед мамандарына арналған «Сөйлеу бұзылыстарын жеңудегі логопед пен ата-ананың өзара іс-әрекеті» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға сөйлеу бұзылыстары бар балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс түрлері, тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді.
Сонымен қатар:
- сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін жұмыс ерекшеліктері;
- логопед маманның ата-анамен бірлескен жұмыс нәтижелерін дамыту;
- ата-аналармен жұмыс жасауда тиімді педагогикалық технологияларды қолдану үшін логопедтердің әдістемелік сауаттылығын арттыру;
- педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылар ашық диолог аясында сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты. Іс шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 45-ке жуық логопед мамандары қатысты.