Әдістемелік шеберхана

2023 жылғы 18-20 қазан аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде мектепішілік оқу-тәрбие жоспары бойынша тәжірибелі ұстаздардың жаңадан келген жас мамандарға тәжірибе бөлісу мақсатында «Әдістемелік шеберхана» апталығы ұйымдастырылды.

Педагогикалық тәжірибе біршама уақытта қажырлы еңбекпен, мұғалімнің кәсіби шеберлігімен келетін оқыту, білім беру және тәрбиелеу барысында шыңдалатын үдеріс. Мектебімізде өз пәндерін оқушыларға терең білім беріп, шығармашылықпен қызмет етіп жүрген ұстаздарымыз бастауыш сынып мұғалімі Кадырбаева Гульжахан Раиимовна қазақ тілі пәнінен, Абдулла Жанар химия пәнінен, Нурлыбекова Райхан Байтилеуовна физика пәнінен, Сулейменов Еркебулан Тасболатович тарих пәнінен, Дарын Тлеугалиевич ағылшын тілі пәнінен, Айгул Ғалымжановна математика пәнінен әдістемелік күндер аясында тағылымы мол, әдіс-тәсілдерді іскер пайдаланған, мазмұнды сабақтар өткізді.

Жас мамандар бірге қызмет етіп жүрген әріптестерінен оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін сабақтарында қолдануды, оқу үрдісінде критериалды бағалауды жүзеге асыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, АКТ ресурстарын қолдануды үйреніп, әдістемелік көмек алды. Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, сабақтар талданып, кері байланыс жасалды.

Әдістемелік орталықтың басшысы Дауешова Сындар Мұратовна, білікті мамандары Жұмағали Измаханұлы, Қанымай Өзбекбаевна, Раушан Ратовна әдістемелік шеберханаға қатысып, мұғалімдерге өз пікірлерін, ұсыныстарын, жақсы тілектерін білдірді.

Осындай құнды, практикалық әдістемелік іс-шараны ұйымдастырған мектеп әкімшілігі: директордың уақытша міндетін атқарушы Есенова Ләззат Тәжденқызы, оқу жұмысы бойынша директор орынбасарлары Дюсенова Шамшибану Аманжоловна, Ерназар Шынар Қаржаубайқызы алдағы уақытта бұл шараның жалғасы, кері байланысы болатынын айтып, жаңа идеяларын ұсынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған