Мюнхен қаласындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инклюзивті оқыту

2023 жылғы 03-09 қазан аралығында Астана қаласының білім басқармасы инклюзивті білім беру бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу бойынша Мюнхен қаласына (Германия) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының тағылымдамасын ұйымдастырды.

            Тағылымдама нәтижесі бойынша 2023 жылғы 18 қазан  күні  Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мюнхен қаласындағы  мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі  инклюзивті оқыту»  тақырыбында  іс-тәжірибемен бөлісу семинары өтті.

            Семинар  барысында тағылымдамадан өткен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері  Германия елінің  Мюнхен қаласына барған  іс-сапарларында алған  ақпараттарымен бөлісіп, «Германия еліндегі мектепке дейінгі  тәрбие мен білім беру инновациясы, «Мюнхен қаласындағы KBO-аутизм балаларды қолдау  орталығының жұмыс ерекшелігі»,  «Көп тілді «KIKUS»  методикасының әдіс-тәсілдері»  тақырыптарында  шебер-сыныптар көрсетті. 

            Сонымен қатар, Мюнхен қаласындағы KBO-аутизм балаларды қолдау  орталығының ерекше білім беруді қажет ететін  балалармен жүргізілетін  терапия түрлерімен, оның ішінде, эрго-терапия жұмысы жайлы толық тоқталып, көп тілді  «Kikus»  бағдарламасын әрі қарай  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  іс жүзінде  қолдануға болатынын айтты.

            Семинар соңында қатысушылар ашық диолог аясында сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты.  Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 90-ға  жуық меңгерушілері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған