«Үздік педагог – 2023» атағын беру республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы

Педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді марапаттау мақсатында, сондай-ақ зияткерлік даму деңгейі жоғары, жоғары ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және рухани-адамгершілік мәдениеті бар, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды педагогтерді анықтау үшін ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айында «Үздік педагог» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

2023 жылы байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесі https://uzdikustaz-nobd.iac.kz  арқылы онлайн өтті. Порталға барлығы 89 –дан астам өтінім түсті, сауалнаманы толтыруды аяқтаған 68 қатысушының материалдары сараптамаға жіберілді. Оның ішінде орта білім беру – 32; мектепке дейінгі білім беру – 14; қосымша білім беру – 1; техникалық және кәсіптік білім беру – 12; жекеменшік білім беру ұйымы  -9.

Портфолио сараптамасы барысында конкурс ережесіне сәйкес тіркелмеуіне байланысты 21 қатысушының сауалнамасы кері қайтарылды.

          «Үздік педагог» атағын беру конкурсының қалалық кезеңіне қатысқан қатысушылардың арасынан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы конкурстың қалалық кезеңінің жеңімпаздары болып анықталды және конкурстың ІІІ (республикалық) кезеңіне қатысу үшін ұсынылды:

–   Даривхан Нургул, Астана қаласы әкімдігінің «№93 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Тулегенова Салтанат Женискановна, Астана қаласының Қ. Сәтпаев атындағы «Binom school» мектеп-лицейі, математика пәнінің мұғалімі;

Нуранова Жулдыз Амырханкызы, Астана қаласы әкімдігінің №45 «Самұрық» арт-терапияның басым бағыты бар бөбекжай-бақшасы» МКҚК, тәрбиешісі;

–   Сексенбаева Сериккуль Аббасовна, Астана қаласы әкімдігінің «№8 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, бастауыш сынып мұғалімі;

–   Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК, химия пәнінің мұғалімі;

Иванова Елена Ивановна, Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ, балабақша тәрбиешісі;

–  Киргизбаева Баян Даутбаевна, Астана қаласы әкімдігінің «№64 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, география пәні мұғалімі;

Туранов Серик Абилдаевич, Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» МКК, өндірістік оқыту шебері;

–  Кенжекей Женис Куанышбаевич, Астана қаласы әкімдігінің Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-интернаты, физика пәні мұғалімі;

Халиди Күнсүлү Амантайқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК, өндірістік оқыту шебері.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған