«АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ АҚЫНЫ» МҰРАЖАЙ-САБАҒЫ

2023 жылдың 18 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МҚКҚ әдіскері Жанар Маман мен ҚР Ұлттық мұражайы қызметкері Гаухар Қасиқызының ұйымдастыруымен әйгілі ақыны, ағартушы-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың ардақты ақыны» шарасы өтті.

Шараға №92 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тулегенова Галия Жанабергеновна, Алпанова Жанар Бейбітовна, Ахметова Назгуль Муратовна және 6-11 сынып оқушылары қатысты. Шараның алғашқы бөлімінде №92 мектеп-лицей оқушылары мұражайдың жылдық жоспарына сай үстіміздегі жылы мерейтойы тойланып жатқан ақын-жазушы С. Торайғыровқа арналған іс-шарасына үлестерін қосып, келесі бөлімінде  Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен  мұражайдың кітапханасында ақын өмірі мен шығармашылығына шолу сабақ өткізді. Мұражай сабағында  ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы, зерттелуі туралы жан-жақты мағлұмат бере отырып, «Қамар сұлу» романынан сахналық қойылымы көрсетіліп, өлеңдері жатқа айтылды. Ақын жанды оқушылар да ақынға арнаған өлеңдерін оқып, өз үлестерін қосты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған