«Бағдарламаның сәтті жұмысына 10 жыл» тақырыбында Республикалық конференция

2023 жылғы 12-13 қазанда «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында Алматы қаласында «Бағдарламаның сәтті жұмысына 10 жыл» тақырыбында Республикалық конференция және «Салауатты өмір салтының негізінде Қазақстан балаларының оқыту жүйесіндегі инновациялар» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шаралар аясында Қазақстанның 16 өңірінің өкілдері және денсаулық сақтау Министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы», «Астана Медициналық Университет» КЕАҚ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия, Мәскеу қаласындағы «Нестле Еуразия» өкілдері, Астана, Алматы қалаларының әдістемелік орталықтары, Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлері және қала педагогтері барлығы 150 ден астам қатысты.

Іс-шаралар барысында «Біздің дастархан» республикалық суреттер байқауы жеңімпаздарының суреттер көрмесі, бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша ашық алаңда пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу өтті.

Іс-шаралар соңында, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді және алдағы уақытта білімалушылардың дұрыс тамақтану курсын өту барысында көңіл бөлетін тұстарын талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған