«Жалпы білім беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті

2023 жылғы 12-13 қазан күндері Астана ақаласы Білім басқармасының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы әдіскерлері мен ПМПК мамандары бірлесіп жалпы орта білім беру ұйымдарының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарларына арналған «Жалпы білім беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралып талқыланды:

  • ЕББҚ бар оқушылармен жүргізілетін жұмысты тиімді ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері;
  • Жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің ерекшеліктері;
  • Жалпы білім беру ұйымдарындағы ЕББҚ бар оқушылардың қажеттіліктерін бағалау;
  • Педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Семинар соңында қатысушылар оң пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған