«Педагогтің сөйлеу мәдениеті – табысты кәсіби іс-әрекет шарты» атты  қалалық оқу семинары

Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес және   мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының жас мамандары мен мектепалды сынып педагогтерінің кәсіби  дамуына  әдістемелік көмек көрсету, ұйымдастыру қызметін жүргізу әдістемесін жетілдіру  мақсатында 2023 жылғы 13 қазан күні  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Педагогтің сөйлеу мәдениеті – табысты кәсіби іс-әрекет шарты» атты  қалалық оқу семинары өтті.

 Басқосу барысында Әдістемелік орталық әдіскері С.С. Смайыл іс-шара  мақсаты мен бағдарламасын таныстырды.

 № 98 «Мирас» балабақшасының меңгерушісі Нуркабылова Алмагуль Жеткергеновна «Педагогикалық әдеп қағидалары» тақырыбында сөз сөйлеп, білім беру ұйымдарының педагогтерін педагогикалық әдеп қағидалары мен нормаларын сақтауға шақырды.

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Есіл Жұмагүл Балтабайқызы «Мектепалды сыныбында  оқытудың  тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында сөз сөйлеп, балалармен топтық және жеке жұмыс барысында Лэпбук әдісін қолдану тәжірибесімен бөлісті. Спикер Лэпбук әдісін пайдалану арқылы баланың сөйлеуі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда қол жеткізген оң нәтижелері туралы айтты.

 Әдістемелік орталық әдіскері Б.К. Әзімбай «Педагогтің сөйлеу мәдениеті – табысты кәсіби іс-әрекет шарты» тақырыбында сөз сөйледі.

С.С. Смайыл іс-шараға қатысушылармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің әдіскері «Жақсы көңіл-күй – жанға қуат» атты тренинг өткізді.

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.  Жас мамандармен жұмыс жалғасын табады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған