2023 жылғы 12 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК № 54 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Шеберден тәлім» жобасы аясында «Шеберлік кілті – тәжірибелі тәлімгерден» атты қалалық семинар өткізді.
Іс-шара мақсаты – педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.
Семинардың алғы сөзін әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. бастап беріп, семинардың спикерлерімен таныстырды.
Семинарда педагогтер ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетті.
«Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру» 1-сынып (жаратылыстану)
Кунафина Динара Агзамовна № 52 мектеп-гимназия
«Екі жиынның бірігуі» 3-сынып (математика)
Бейсмолдаева Анаргүл Тураровна № 24 орта мектеп
«Дауыссыз к мен г» 2-сынып (қазақ тілі)
Каиржанова Алтынай Тулеубаевна №40 мектеп-лицей
«Жақсы деген немене, жаман деген немене» 3-сынып (Әдебиеттік оқу)
Абильдина Динара Кайроллаевна № 54 мектеп-лицей
«Шамалар арасындағы тәуелділік» 3-сынып (математика)
Сергазина Айнур Айтымовна, Әубәкір Гүлмира Сапарбеккызы
№72 мектеп-лицей
«Ұстаздардың шеберлігін жетілдірудегі іскерлік ойындардың рөлі»
Ныгметжанова Гульнара Маратовна №37 мектеп-лицей
«Нормативті-құқықтық негіздеме, ата-аналармен жасайтын жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдері, сабақты зерттеудің негізгі қағидаттары мен тиімді әдістері»
Раш Шахрезада Мухтаровна №11 мектеп-лицей
«Логикалық есептерді шығару тәсілдері»
Темиртаева Қалдыкүл Мейрамбековна №69 мектеп-гимназия
«Күнделікті өмірдегі математиканы сабақта қолдану»
Байкен Зульфия Серікқызы №64 мектеп-лицей
Әдебиет сабағын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі
54 мл Оразбекова Гульзира Алиакбаровна
Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскерлері Әзімбай Нұржамал мен Бапишева Раушан іс-шараны қорытындылады. Рефлексия ұйымдастырылды, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.