«АЛТАЙДЫҢ АСҚАҚ ЖЫРШЫСЫ»

2023 жылдың 3 қазан күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маманның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Алтайдың асқақ жыршысы» қалалық педагогикалық оқуы өтті. Педоқуға қалалық орта білім беру ұйымдарының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарына сабақ беретін (Т1) 40 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен Өтінім түсіп, 16 жұмыс ереже талабы бойынша іріктелген болатын.

Қатысушылар ережеге сай «О. Бөкей шығармалары арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту», «О. Бөкей шығармаларындағы өмір шындығы», «О. Бөкей шығармаларындағы ұлттық құндылық», «О. Бөкей шығармалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» педагогикалық оқуға ұсынылған тақырыптар бойынша өз жұмыстарын TEDx форматында қорғап, тәжірибелерімен бөлісті.

Педоқу мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті оқуды жандандыру мақсатында ұлттық сөз өнерінің зергері Оралхан Бөкей шығармаларының заманауи білім беру жүйесінде алатын орнын,  шығармаларында дәріптеген құндылықтар мен асқақ ойларын насихаттау мақсатында жүргізілді. Мұғалімдер жазушының шығармаларын оқытудағы қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінде оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқу бағдарламасына негізделген, бағытталған өзіндік іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған