Балабақшада өткен семинар- практикум

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылғы 29 қыркүйек күні «Баланың балабақшаға бейімделуіндегі қиындықтар және оның алдын алу» тақырыбында №67 «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешілерімен семинар-практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: баланың балабақшаға бейімделуінде педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Семинар-практикумға әдіскер, педагог – психологтар, тәрбиешілер және медицина қызметкері, барлығы 17 адам қатысты. Семинар барысында баланың балабақшаға бейімделуі және бейімделуінде болатын қиындықтар, бейімделу дәрежелері жайлы теориялық түсініктер берілді.Топтық жұмыста «Баланың балабақшаға бейімделуіне қалай көмектесуге болады?, «Баланың балабақшаға бейімделуіне отбасының рөлі» тақырыптары талқыланды.       

           Тәрбиешілер баланың балабақшаға бейімделу қиындықтары және  оны жеңудегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға баланың балабақшаға бейімделуіне көмектесетін психологиялық ойын сабақтарының маңыздылығы және оны тәжірибеде қолдану жолдары түсіндірілді.

          Баланың балабақшаға бейімделуі бойынша тәрбиешілерге жадынамалар таратылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған