Психологиялық қызметтің құжаттамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

2023 жылдың 28- қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері «Жас психолог мектебі» аясында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Психологиялық қызметтің құжаттамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға 40 педагог-психолог қатысты.

Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина жас мамандарды «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім Министрлігінің 25.08.2022 ж. №377 бұйрығымен таныстырды. Әдіскер Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасы 22.10.2022 ж. №889 бекіткен «Психологиялық қызмет істерінің номенклатурасы туралы» бұйрығына сәйкес құжаттаманы жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталу ерекшеліктеріне және жылдық жоспар жасау және журнал толтыру бойынша енген кейбір өзгерістерге толығырақ тоқталды. Бөлім әдіскері Есілбаева А.А мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің эмоционалды жану кезінде психологиялық жеңілдену бөлмесінен консультациялық-психологиялық көмек ала алатындары туралы айтып берді.

Семинар соңында педагог-психологтарға бөлім әдіскерлерінен жүйелі кеңес алу жөнінде ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған