Ашық есік күні

Ашық есік күні – оқушылардың ата-аналарын жұмыс режимімен, мектептің оқу және тәрбие қызметімен таныстырудың тамаша мүмкіндігі.

Ашық есік күні білім беру сапасын және білім беру процесіне барлық негізгі қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына қанағаттану дәрежесін арттыру мақсатында мектепте өткізіледі. Осы іс-шараның негізгі міндеттері:

– ата-аналарға мектептің оқушыларды әлеуметтендіру процесін ұйымдастыру және оларға жеке мәселелерді шешуде педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерін көрсету;

– білім беру ұйымы мен ата-аналардың арасында кері байланыс қалыптастыру үшін жағдай жасау;

– ата-аналарға негізгі білім беру бағдарламасының мазмұнымен танысуға мүмкіндік беру;

– ата-аналардың олардың білім беру үдерісіндегі рөлін толық түсінуіне және балаларды оқыту мен тәрбиелеуді қолдауды жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруіне ықпал ету.

2023 ж. 30 қыркүйекте Астана қ. №80 мектеп-гимназиясында мектеп директоры Майқанова Гүлдерай Қазтайқызы жетекшілігімен педагогикалық ұжым ұйымдастырған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында мектеп базасында ата-аналардың қатысуымен Астана қ. Сарыарқа ауд. мектептерінің оқушылары арасында спорттық жарыстар өткізілді.

Сондай-ақ, ата-аналар үйірмелердің жұмысына қатысып, шахмат ойнап, балаларымен пайдалы демалыс өткізуге мүмкіндік алды.

Мектеп мәжіліс залында мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырылды, оның барысында әрбір ата-ана пән мұғалімдерімен, психологпен, сынып жетекшілерімен баласының үлгерімі, оқуға деген ынтасының деңгейі, психологиялық жағдайы туралы сөйлесуге, мектеп әкімшілігіне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Ашық есік күнін тұрақты негізінде өткізу білім беру ұйымына ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау үшін неғұрлым қолжетімді болуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Ашық есік күні барысында ата-аналар мектептің Жарғысы мен дәстүрлерімен, білім беру бағдарламаларымен, тәрбие жұмысын ұйымдастырумен танысуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, Ашық есік күнін ұйымдастыру оқушылардың мектепте оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған