МОБИЛЬДІК ТОПТАРДЫ ОҚЫТУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТКІЗІЛДІ

             Астана қаласының Әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен 2023 жылдың 28 қыркүйек күні Мобильдік топтарды оқыту бойынша қорытынды семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикумда 12-28 қыркүйек күндері аралығында елорданың 98 мемлекеттік мектеп педагогтері оқытылды.

          Семинар мақсаты – ҚР Білім Министрлігінің 25.08.2022 ж. № 377 бұйрығына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмысы бойынша психологиялық қызметтің негізгі құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинарға мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтер, педагог – психологтар және мектеп медицина қызметкерлері қатысты.  Барлығы 567 адам оқытылды.

 Семинар тыңдаушылары көтерілген мәселенің өзектілігін және мобильді топтарды оқытудың маңыздылығын, балалармен өзара іс-қимыл жасауда сынып жетекшісінің рөлін және мектепте оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігін нақты атап өтті. Педагогтар ҚР Білім Министрлігінің кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, бопсалаудың алдын алу жөніндегі нормативті-құқықтық құжаттарымен танысты. Семинар соңында рефлексия жүргізілді, қатысушылар кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Спикерлер мобильді топты әдістемелік сүйемелдеу, қызмет жоспарын құру және оны іске асыру бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Семинар жұмысында күн сайын жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудың негізгі кілті баланың ата-анасымен сенімді қарым-қатынасы және педагогикалық қызметтің адамгершілік принциптері болып табылатынын атап өткен жөн. 

Семинар соңында қатысушыларға мектептің мобильді тобының бірлескен қызметін жүзеге асыру, қиын өмірлік жағдайлардағы балаларды анықтау және оларға көмек көрсету үшін әдістемелік ұсынымдар берілді. Ағымдағы жылдың 3-4 қазан күндері аралығында колледждердің мобильді топтары үшін де семинар өткізіледі.

Сондай-ақ, әдістемелік көмек көрсету аясында Орталық осы бағыт бойынша жас психологтер және педагогтер құрамы көп мектептер үшін біршама семинарлар өткізуді жоспарлауда.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған