Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тиімді әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 28 қыркүйегінде «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тиімді әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбындағы Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледжінің педагогтеріне оқыту семинары өтті.
Семинарда педагогтердің кәсіби құзыреттілігі, авторлық жұмыстарды дайындау, педагог кадрларға қойылатын аттестаттау талаптары талқыланып және «ТжКБ оқу-әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары» педагогикалық тренингі өткізілді.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауаптар мен ұсыныстар алды.
Барлығы 40-тан астам колледж педагогі қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған