БАЛАБАҚШАДАҒЫ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ атты семинар-практикум

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен педагогтер қауымдастығының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 қыркүйек күні №47 «Ақ желкен» балабақшасында «Балабақшадағы ойын түрлері» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне семинар-практикум өтті.
Семинар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру кезінде тәрбиешілердің білім және білік дағдыларын арттыру, тәрбиешілерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өтті.
Семинар барысында №95 «Алматы балабақшасының меңгерушісі Смакова Анар Долдабековна «Ойын-баланың негізгі іс-әрекеттерінің бірі» атты тақырыпта дамытушы орталарды құрудың маңыздылығына тоқталып өтті. №17 «Ер-Төстік» балабақшасының инновация әдіскері Мангазинова Айгерим Жакияновна «Мектеп жасында дейінгі балалармен ойын іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшелігі», №17 «Ер-Төстік» балабақшасының педагогтері Капенова Актоты Жаныбековна, Тілеубергенова Сәуле Мейрамбекқызы тәрбиешілерге «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар кейсі» шебер сынып көрсетті және №1 «Бәйтерек» балабақшасының инновация әдіскері Кожевина Татьяна Николаевна «Развитие предметно- пространсвенной среды в реализациях новой модели воспитания и обучения» тақырыбында жаңа модельді жүзеге асыруда ойын әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ №47 «Ақ желкен» балабақшасының педагогтері Акжигитова Марал Оспановна, Сарсенбаева Гүлмира Байдаққызы, Салтыбаева Маржан Айткуловна, Рамазанова Динара Маратовна, Акжигитова Гулнур Колбаевна, Базарова Лазат Майдановна «Интерактивті театр ойындары» атты жаңашыл форматтағы театр ойындарын таныстырды.
Семинарға елордалық мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған