Тағылымға толы кездесу

2023 жылдың 25 қыркүйек күні №89 мектеп-лицейінде қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігінің «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты онкүндігі аясында ҚР қоғам қайраткері, актер, әнші Байғали Есенәлімен кездесу өтті. Кездесуге әдістемелік орталықтың әдіскері Жанар Сейтахмет, тренер Фариза Баққалиқызы, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және мектеп оқушылары қатысып, келген қонаққа өздерінің сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.
Кездесуде ел болашағы оқушыларға қазақтың дара тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлын сомдаған Байғали Есенәлі кино өнерімен қоса ұлт тұлғасының өзіне әсер еткен ерекшелігін әңгімелей келе оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кездесудің мақсатына сай оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды таныстыру арқылы елін, жерін, тілін құрметтейтін тұлға қалыптастыру және кәсіптік бағыт-бағдар беру.
Кездесу соңында Байғали Мақұлбекұлы мектептің естелік альбомына қолтаңба қалдырып, жүрек жарды тілегін өлең жолдарымен жеткізді.
Кездесу мектеп кітапханасында бірлестік жоспарына сай келген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің, әдіскердің, тренердің қатысуымен «Қоғамдағы педагог мәртебесі» дөңгелек үстелмен жалғасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған