Жекеменшік мектептерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 8 қыркүйек №100 бұйрығы негізінде Әдістемелік орталық мамандары жекеменшік мектептерге әдістемелік қолдау қызметін бастап кетті. Орталық әдіскерлері Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесіне енген жекеменшік мектептердің барлығына әдістемелік көмек көрсететін болады. 2023 жылғы 26 қыркүйек күні «NURORDA» мектеп-лицейіне барып, білім беру мекемесінің жұмысын бағалау өлшемшарт талаптарына сәйкес зерделеп, аттестаттау барысында басшылыққа алынатын нормативтік –құқықтық құжаттар бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған