«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен ұйымдастырылған практикалық сабақ туралы ақпарат

2023 жылғы  20  қыркүйек  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен қазақ сыныптарда сабақ беретін бастауыш сынып, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді анықтау, қолдау, ынталандыру мақсатында практикалық сабақ жүргізді.  

 «Математикалық клуб»мүшелігіне қала мектептерінен 86 математика пәні мұғалімі және 70 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Практикалық сабақ барысында математика пәні мен бастауыш сынып мұғалімдерінің білімін жетілдіру және мүшелікке іріктеу жұмысы жүргізілді.

Іріктеудің шекті ұпайдан асқан мұғалім «Математикалық клуб» мүшесіне қабылданады. Әр айдың соңғы сәрсенбісінде өткен тақырыптар бойынша жекелей жарыстар ұйымдастырылады. Клуб мүшелерінің ең үздіктері пән бойынша ұйымдастырылған әртүрлі республикалық мұғалімдер байқауларына жіберіліп отырады.

          Клуб мүшелігіне қабылданған педагогтер қала мектебінің ең үздік математиктер базасына енеді.

Оқу жылының соңында жылдық қорытынды жасалып, жеңімпаздар  анықталады және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған