«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен ұйымдастырылған оқыту семинары туралы ақпарат

2023 жылғы 22 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен қазақ сыныптарда 5-6 сыныпқа сабақ беретін математика мұғалімдеріне ««Алтын сақа» олимпиадасына нұсқаулық және есептерін шығару әдіс-тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары жүргізілді. Оқыту семинарына қала мектептерінен 71 мұғалім қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты қабілетті балаларды анықтау,олимпиада резервін қалыптастыру. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу. Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.

Оқыту семинары барысында математика мұғалімдеріне 5-6 сыныптарға арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңін өткізу бойынша нұсқаулық берілді. Аудандық кезеңге әр мектептен барлығы 6 оқушы қатысатыны ескертілді.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған