«Мобильдік топтарды оқыту» семинар-практикум

2023 жылғы 18-20 қыркүйек аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК Алматы ауданы мектептері үшін «Мобильдік топтарды оқыту» семинар-практикумдарын №№13, 22, 28, 29, 30, 32, 37, 38, 42,43,44,48,50,51,52,53,57,63,64,70,72,73,74,83,86,91,92,93,«Білім-Инновация» қыздарға арналған лицей-интернатымен өткізуді жалғастырды.

       Оқыту барысында қатысушылар: мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, медицина қызметкерлері балалармен өзара іс – қимыл жасауда сынып жетекшісінің рөлін және мектептегі тәрбие процесі үшін сапалы тәсілдерді қолдану қажеттілігін нақты көрсете отырып, көтерілген проблеманың және осы оқытудың өзектілігін атап өтті.

       Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін қиын өмірлік жағдайлардағы балаларды қолдау үшін консультациялық көмек алу мақсатымен мектептердің мобильдік топтарынан психологиялық сүйемелдеу бөліміне күн сайын келіп түсетін телефон қоңырауларынан көруге болады. Мобильді топ мүшелері әдіскерлерден осы оқушыларды құзыретті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін ұсыныстар алады.

       Семинардың практикалық бөлімінде педагогтардың кейстерді талдауы оң нәтиже берді. Бұл туралы семинарға қатысушылар балалармен жұмыс істеуде осы алған практикалық дағдыларды қолданудың маңыздылығын атап өтті.        Әдістемелік орталық 2023 жылғы 25-29 қыркүйек аралығында «Байқоңыр», «Есіл» және «Нұра» аудандарының мектептері үшін оқуды жалғастыратынын хабарлайды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған