«Тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін ашудың ерекшеліктері» қалалық оқыту семинары

2023 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін ашудың ерекшеліктері» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: балаларға қосымша білім беру бойынша кәсіби ресурстарды тарату.

Міндеттері: білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар бойынша семинар қатысушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жинақтау шеңберінде оқыту нысандарын, әдістерін, технологияларын практика жүзінде қолдануын көрсету, педагогтерді өздерінің кәсіби қызметін жетілдіруге ынталандыру.

Семинар жұмысына 50-ден астам адам қатысты, олар Астана қаласы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер, директордың орынбасарлары. Қатысушылар семинар барысында келесі педагогтердің педагогикалық тәжірибесімен танысты:

«Нах мәдениетінің негізгі ерекшеліктері» (Этнолингвистика) Мациева Ханифа Муратовна, Астана қаласы әкімдігінің «М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК, қосымша білім беру педагогі;

«Домбыра ойнап үйренейік» (Музыкалық шығармашылық) Бекжігітова Гүлшахар Сейдәліқызы, Астана қаласы әкімдігінің «М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК, қосымша білім беру педагогі;

«Көпшілік алдында сөйлеу – табысқа жетудің негізі» (Эстрадалық вокал) Яроцкая Ирина Александровна, Астана қаласы әкімдігінің «М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК, қосымша білім беру педагогі. Авторлық бағдарлама – педагогтің зияткерлік жұмысының нәтижесі және қандай да бір тақырып аясында қолданыстағы бағдарламаларды, заманауи әдістемелерді, оқытудың инновациялық технологияларын, озық педагогикалық тәжірибені талдау бойынша оның зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады. Бүгін семинар аясында «М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы» МКҚК директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Зиля Хазинуровна Хазимуллина осы тақырыпқа толығырақ тоқталып өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған