Елорда мектептерінің директордың оқу жұмысы және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған «Әдістемелік сағат»

2023 жылғы 18-19 қыркүйек күндері Астана қаласының білім беру ұйымдары директорларының оқу жұмысы және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған жауапты лауазымды тұлғалармен кеңес өтті.

Кеңеске Астана қаласының Білім басқармасы  орта білім бөлімінің басшысы А. Амангельдиева  қатысты.

Кеңесті ашқан Әдістемелік орталығы басшысы Дауешова Сындар Муратқызы барлық қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Орталықтың алдағы жұмыс мақсаттары мен атқаратын қызметтерімен таныстырып, жұмыстарды жүзеге асырылуына тоқталып, 2023-2024 ж. оқу жылындағы іс-шаралар тізбесімен таныстырды.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру туралы сөз сөйледі. 

Кеңес барысында Әдістемелік орталығының басшы орынбасары Мухамеджанова Алма Каиркеновна Үлгілік оқу жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы таныстырды;

«Ақпараттық технологиялар» бөлімінің әдіскері Сыдыкова Раушан Мелатқызы Күнделік.кz электронды журналды толтыру мәселесі қозғалып, кейбір мектептердің толық толтырмай жатқандығы айтылды. Күнделік.кz электронды журналды толтыруда негізгі қандай мәліметтер маңызды болып табылатындығы түсіндірілді. Үй тапсырмасын беру, Бағаны уақытылы қою, ата-аналардың логин паролін авторизациялау Күнделік.кz электронды журналды толтырудағы кешеуілдеп отырған мәселелердің бірі болып қарастырылды. Мектеп директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларға басты назарға алатын мәселе сабақ кестесінің дұрыс болуы, паралель сабақтардың болмауы, және баға түзетулер орын алмауын  нақты қадағалау керек екені баса айтылды. Әр аптаның дүйсенбі күні Әдістемелік орталығы Күнделік.кz электронды журналдың қала бойынша қалай толтырғаны бойынша есеп жасап сол бойынша бақылау жасап отырады және сол арқылы түзетулер жасалатынын айтты;

«Аналитика және мониторинг» бөлімінің әдіскері Яковлев Владислав Александрович «Экспериментік алаң және инновациялық жобалардың» мақсаты мен міндеттерін, эксперименттік жұмысының кезеңдері туралы айтты; осы бөлімнің әдіскерлері Баяхметбаева Кунумбала Изтолеуовна, Боранбаева Раушан Газизовна  курстан өткен тыңдаушылар санын, біліктілікті көтеру қажеттілігінің орындалуын, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру кезінде пайда болатын мәселелерді атап жеке-жеке түсіндіріп өтті;  

«Орта білім беру» бөлімінің басшысы Есематова Акбота Бакытовна «Мектептерде тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыру: мониторинг бойынша қорытындылар» тақырыбында сөз қозғады. Кез келген білім мекемесі оқу үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге оқу себептілігін арттыруға, оқушының денсаулығы мен жек тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте басқару жүйесінің, тәлімгерліктің қаншалықта дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптама жүргізілді. Соған сәйкес, мониторинг жасалып, кемшілік жіберген мектептерді атап өтіп, жіберген  кемшіліктеріне түзетулер, жою жолдарын айқындау қажеттігін атап өтті.

Кеңеске елорда мектептерінен 200 астам директордың оқу жұмысы және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған