Әдістемелік көмек

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 8 қыркүйек №100 бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтетін жеке меншік білім беру ұйымдарына зерделеу жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2023 жылғы 15 қыркүйек күні Экономикалық лицейге барып, мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Білім беру ұйымын бағалаудың негізі критерийлері, өзін-өзі бағалауды зерделеу бағыттары мен обьектілері түсіндірілді және аттестаттау барысында басшылыққа алынатын нормативтік –құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, тексерілетін құжаттар тізбесі бойынша құжаттарын зерделеп, әдістемелік көмек көрсетіліп және оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. 12 жекеменшік мектептерді мемлекеттік аттестаттаудан өткізу 2023 жылдың қараша – желтоқсан айларына жоспарланып отыр.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған