Біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушыларды жинауды ұйымдастыру мәселелері және шешу жолдары

2023 жылғы 15 қыркүйек күні Астана қаласының білім беру ұйымдарының білім беру ұйымы директорының бейіндік оқыту және біліктілікті арттыру курстарына жауапты 106  лауазымды тұлғалармен онлайн кеңес өтті. Кеңесте «Біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушыларды жинауды ұйымдастыру мәселелері және шешу жолдары» туралы Әдістемелік орталықтың әдіскерлері мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалының мамандары сөз алып, білім беру ұйымдарындағы біліктілікті арттыру курстарының жұмыстарын жүзеге асыру туралы талқыланды.

Астана қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалының оқу бөлімінің басшысы Күнсұлу Ауғалиқызы Исентаева кеңестің күн тәртібімен таныстырып, 2023 жылға жоспардың орындалуын, педагогтің курстан кейінгі қолдау қағидаларын түсіндіріп өтті.

        Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысы Дауешова Сындар Мұратқызы 2023-2024 оқу жылының біліктілікті арттыру курстарына қажеттіліктерін, курстардың  ерекшеліктеріне тоқталды.

       Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеруі болып табылады. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.

Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, «Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты» КЕ АҚ (Нигрич), «Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы» РМҚК, «Ұлттық ғылыми-практикалық дене  тәрбиесі орталығы» РМҚК тарапынан өткізіліп жатқан көптеген  қысқа және ұзақ мерзімді курстар, орта білім мазмұнына сай пән құзыреттілігін дамыту  біліктілік арттыру курстары  педагогтардың кәсіби даярлығын арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігін шыңдауындағы маңызы өте зор екенін жеткізді.

Кеңес барысында Педагогтердің біліктілігін арттыру қажеттіліктерін зерделеу, педагогтерді оқыту нысандарын жоспарлау және анықтау жұмыстары толық айтылып жеткізілді.

Педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдауды сүйемелдеу, кәсіби қоғамдастықтардың жұмысын ұйымдастыру жолдарын «Педагогикалық шеберлік» бөлімінің әдіскерлері Баяхметбаева Кунумбала Изтолеуовна және Боранбаева Раушан Ғазизовна курстан өткен тыңдаушылар санын, біліктілікті көтеру қажеттілігінің орындалуын, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру кезінде пайда болатын мәселелерді атап жеке-жеке түсіндіріп өтті.

Елорда білім беру ұйымдарының біліктілікті арттыру курстарының  жұмыстары бойынша көтерілген мәселелер мен қойылған міндеттерді шешуде бейіндік орынбасарлардың тиімді жұмыс атқаратынына сенім білдіріп, жаңа оқу жылында әр тұлғаның қызметтік өсуіне үлес қосып, жұмыстың сәтті өтетініне бағыт-бағдар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған