«Мобильдік топтарын оқыту» семинар – практикум

         2023 жылғы 14 қыркүйек күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК білім беру ұйымдарының «Мобильдік топтарын оқыту» семинар – практикумын  жалғастырды. Аталған семинарға Сарыарқа ауданы мектептерінің (№№18,25,26,35,36,39,65,67,68,80,94, БИЛ- ер балалар) мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, медицина қызметкерлерінен 43 педагог қатысты. «Әдістемелік орталық» МКҚК басшысы С. М. Дауешова  семинарды алғы сөзімен ашып,   қарастырылып отырған  мәселенің өзектілігін,  мектептердің мобильді топтарын оқытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі кезде мұғалімнің баламен өзара әрекеттесудегі рөлі және мектепте оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігін баса айтты .Бұдан әрі аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдермен жұмыстағы проблемалар туралы психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.К. Капанова слайд- презентация жасады.  Бөлім әдіскері А. К. Исабекова өмірлік қиын жағдайлардағы балаларды анықтау кезінде мобильді топ қызметінің нақты алгоритмін ұсынды және осы балаларға көмек көрсету мүмкіндіктері туралы айтып берді. Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Г. Е. Бекетаева өз презентациясында педагогтердің  тәрбие бойынша жобалау қызмет, оқушылардың мүдделері, оның әлеуеті мен жеке өсуін іске асыру үшін  әртүрлі қызмет түрлеріне тарту нысандарын айтты. «Senim Qogamy» қоғамдық қорының директоры Ю.Д. Челнокова педагогтерді оқытудапрактикалық әдістер арқылы мұғалімге қазіргі баламен сенімді қарым-қатынас орнату  құпияларымен бөлісті.          Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер түрлі ситуациялық кейстерді талдап, қиын өмірлік жағдайлардағы балаларды анықтау және оларға көмек көрсету кезінде мектептің  мобильді тобының бірлескен қызметін жүзеге асыру бағытында әдістемелік ұсынымдар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған